2015 жылы ОҚО-да журналистердің республикалық форумы тұңғыш рет өтеді

Шымкент. 13 желтоқсан. ҚазТАГ – 2015 жылы ОҚО-да журналистердің республикалық форумы тұңғыш рет өтеді, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.
«2015 жылы ОҚО-да журналистердің республикалық форумы тұңғыш рет өтеді. Келесі жыл оңтүстік-қазақстандық журналистерге кәсіби мерекесінің құрметіне ауқымды сыйлықтармен де есте қалатын болады», - деді ішкі саясат басқармасының жетекшісі Берік Құрманғали.
Баспасөз қызметінен хабарлауынша, «Өңірлік ең жедел тілші», «Алтын микрофон», «Алтын қалам» атауларында журналистер Т500 мыңнан сыйақы алады. Өңірлік ең үздік телеарна мен ең үздік баспаға Т1 млн-нан сыйлық тапсырылады. Сыйлықтар бюджетте қарастырылған және қаңтар айынан бастап арнайы комиссия журналистердің шығармашылығына бақалу жасайды.
Одан басқа ішкі саясат бастығы 2015 жылы ОҚО-да ҚР президентінің жанындағы орталық коммуникациялық қызметінің облыстық филиалы ашылатынын жеткізді. Ол Шымкенттің жаңа әкімшілік орталығындағы облыс әкімшілігінің ғимаратында ашылады.  
Барлық ресми брифингтер сонда өтеді және он-лайн режимінде жергілікті 4 арнада таратылады.  

adimage