2016 жылға дейін Шымкенттегі сауда-логистикалық орталықта 8 жоба іске асырылады

Шымкент. 27 қараша. ҚазТАГ – 2016 жылға дейін Шымкенттегі сауда-логистикалық орталықта 8 жоба іске асырылады, деп хабарлады Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімшілік баспасөз қызметінен.
«Шымкенттегі сауда-логистикалық орталықта 18,9 млрд теңгелік жоба іске асырылуда. Барлығы 92 га аумақта 4 жоба іске асырылуда. 2016 жылға дейін 8 жобаны іске қосу жоспарда, тартылған инвестиця сомасы 24 млрд теңге», - деді бейсенбі күні баспасөз қызметінен.  
Әкімшілік мәліметтерінше, жыл соңына дейін үш жоба іске асырылады. Одан басқа биылдың өзінде жалпы ауданы 43,3 мың шаршы метр болатын 11 қойма пайдалануға тапсырылады.
Бұл ретте облыс әкімі Асқар Мырзахметов «бұл қойманы дер кезінде аяқтау» керектігін қадап айтты.
«Бұл орталық бізге әлемдік нарыққа шығуға мүмкіндік береді, біздің облысымыз ауыл шаруашылығына бет бұрған облыс қой», - деді ол.
Хабарда айтылғандай, сауда-логистикалық орталықтың салынуы мыңнан астам адамға жұмыс тауып, жылына 700 мың тонна өнім экспорттауға мүмкіндік береді. Қазір «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасымен Т1,5 млрд болатын инфрақұрылым салынуда. Атап айтқанда, «Батыс-Еуропа – Батыс Қытай» магистралымен қосылатын жол салынуда, ұзындығы 0,7 км болатын темір жол тұйығының құрылысы, қуаты 10 кВт болатын электр стансасының құрылысы салынуда, сондай-ақ газ бен су тартылуда.

adimage