2016 жылы Ақтауда қаңғыбас малдарға арналған тұрақты айыппұл тұрағы салынады

Күні: 16:56, 29-10-2014.

Ақтау. 29 қазан. ҚазТАГ - 2016 жылы Ақтауда қаңғыбас малдарға арналған тұрақты айыппұл тұрағы салынады, деп хабарлады ҚазТАГ тілшісі.
«Қазір қала бойынша қаңғып жүрген  ірі қара мал (ІҚМ), жылқылар мен түйелерді ұстап алып, уақытша айыппұл тұрағына қамап жатыр. Оны 2013 жылы «Қала жолдары» МҚК өндірістік базасы аумағында салды. Қазіргі таңда ірі қара мал, сонымен қатар аттар мен түйелер үшін тұрақты айыппұл тұрағының жобасы дайындалуда», - деп хабарлады қалалық кәсіпкерлік, ауыл шаруашылық және ветеринаия бөлімінің басшысы   Қанат Нұрсұлтанов.
Оның айтуынша, жоба Маңғыстау облыстық мәслихатында бекітілуі керек.  Жоба қабылданғаннан кейін мал иесі әкімшілік айыппұл төлеп қана қоймайды, сонымен қатар жемі, суы және ветеринария қызметі үшін де төлейді.  
«Қазір біздің алдымызда аталмыш нысан құрылысы үшін жер учаскесін іздестіру міндеті тұр.  Республикалық БАҚ-тарда енді ІҚМ-ды мал   соятын жерге апарады екен деген хабар тарап кеткен.  Бұл олай емес. Біз бұл нұсқаны қарадық, бірақ ондай жерлерде де малдарды арнайы бөлінген жерлерде ұстау, су мен жемін беру тұрғысынан», - деп түсіндірді Қ. Нұрсұлтанов.
Ақтауда қаңғыбас малды ұстаумен әкімшілік полиция айналысады. Оның қызметкерлері малды уақытша айыппұл тұрағына айдап алып барады, ал мал иелеріне әкімшілік құқықбұзушылық заңына сәйкес айыппұл салады.  


Жаңалықтармен бөлісу: