2017 ж. салыстырғанда Doing Business рейтингінде ЕАЭО өз позициясын бес тармаққа жақсартты

Күні: 16:06, 23-10-2018.

Астана. 23 қазан. ҚазТАГ – 2017 жылмен салыстырғанда Doing Business рейтингінде Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) өз позициясын бес тармаққа жақсартты, деп хабарлады Қазақстанның премьер-министрінің баспасөз қызметінен.  
«Бірыңғай экономикалық кеңістікті дамыту бағыттарын жүзеге асыру, ЕАЭО елдерінің нарықтарына кедергісіз кіруді қамтамасыз ету шаралары сыртқы факторларға қарамастан, осы елдер арасындағы сауда-саттықты арттыруға жақсы жағдай жасады. "Doing Business 2018" рейтингісінде ЕАЭО 190 орынның ішінде 35-ші болып тұр. 2017 жылмен салыстырғанда 5 позицияға көтерілген», — деді  Еревандағы «Еуразия апталығы» форумында ҚР бірінші вице-премьері Асқар Мамин.
Форум интеграция жағдайындағы ЕАЭО наөты секторының әлеуетін арттыруға арналды.  форумда сөйлеген сөзінде ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары А. Мамин   ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер алдында жаһандық экономиканың алдағы циклдық баяулауының салдарын азайту міндеті тұрғанын жеткізді.  
«ЕАЭО елдерінің оңтайлы саясатының арқасында теріс үрдістерге қарсы тұра алатын механизмі  бар»,- деді бірінші вице-премьер.  
Оның ақпарынша, 2018 жылдың қаңтар-шілде айларында ЕАЭО-ның өзара сауда-саттық көлемі $34,1 млрд құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,8%-ға көп. 2018 жылдың қаңтар-шілде айларында ЕАЭО мүшелерінің сыртқы саудасы $419,6 млрд жетті. Бұл – 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22,7%-ға артық көрсеткіш.
«ЕАЭО ішкі нарығындағы бизнес-ортаны жақсарту үшін түрлі салалардағы 15 кедергі жойылып, кәсіпкерлерді біраз қаржы шығынынан сақтап қалды. Тұрақты экономикалық өсім болуы үшін өңдеуші сектордың бәсекеге қабілеттілігін арттыратын келісілген экономикалық саясат қажет. Бұл жұмыста ең алдымен, ЕАЭО-ның барлық мүшелерінің бәсекелестік артықшылықтарын интеграциялауға және қосылатын құн тізбегінде шығындарды азайтуға бағытталған ортақ өндірістік процестерді қалыптастыру керек. Ғарыш, медицина, табиғи ресурстарды өндіру, экология және ауыл шаруашылығы салаларында 130 бірлескен жобаны әзірлеу жоспары жасалды», — деді А. Мамин.
ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары өндірістік әлеуетті одан әрі дамытудың басты мәселесі цифрландыру екендігін айтты.
«Әсіресе жекелеген секторларда немесе өңірлерде бұл процесстің артта қалу үдерісіне сезімталдығының жоғары болуына байланысты ЕАЭО елдерінің арасында цифрландыруды бірқалыпты үйлестіру қажеттілігі туып отыр», - деді  А. Мамин.


Жаңалықтармен бөлісу: