2017 жылдан бері «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша баспана құрылысына Т3,3 трлн астам қаржы жұмсалған

Астана. 18 қараша. ҚазТАГ – Махамбет Абжан. 2017 жылдан бері «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша баспана құрылысына Т3,3 трлн астам қаржы жұмсалған, деп мәлімдеді Қазақстанның индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов.
«Бағдарлама аясында 2017 жылдан бастап 33,5 млн ш.м. тұрғын үй салынған. Шамамен 300 мыңдай отбасы баспана жағдайларын түзеген. Тұрғын үй құрылысына барлығы Т3,3 трлн инвестицияланған», - деді Атамқұлов дүйсенбідегі үкімет отырысында.
Оның айтуынша, орта есеппен 9-10% көлемінде тұрғын үйді пайдалануға беру көлемінің оң динамикасы сақталуда, орташа жылына 1 млн. ш.м.
«Инвестиция жыл сайын орта есеппен 18% өсті, орта есеппен Т117 млрд», - деді министр.
Сонымен қатар, ол 2018 жылы 12,5 млн. ш.м. тұрғын үйдің пайдалануға берілгенін немесе республиканың бір тұрғынына 0,68 ш.м.келгенін жеткізді.
«Бұл ТМД елдері арасында ең жоғары көрсеткіш. Ресейде – 0,54 ш.м, Белоруссияда – 0,40 ш.м, Өзбекстанда – 0,36 ш.м.», - деп мысал келтірді ИИДМ басшысы.
Спикердің айтуынша, бір тұрғынды баспанамен қамту көрсеткіші 21,9 ш.м. жеткен.
«Біздің мақсатымыз 2030 жылы 30 ш.м. дейін жеткізу», - деді Атамқұлов.

adimage