Алматы. 22 қыркүйек. ҚазТАГ – Алматы экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаментінің 2017 жылы 14 жылға сотталған бұрынғы бастығы Әмірхан Аманбаев бостандыққа шықты, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Қазіргі таңда қылмыстық-атқарушылық жүйе комитетінің есебі (ҚАЖК) бойынша Аманбаев жоқ», - деді сейсенбі күні ҚазТАГ ХАА редакциясына ҚАЖК-нен.
Атап өтелік, комитет сұранысымызға бірден жауап берген жоқ – қаржы полициясы экс-басшысының бостандыққа шыққаны туралы ақпаратты редакция екі апта бұрын сұраған еді, алайда өткен аптаның ортаыснда ҚАЖК баспасөз қызметінде сұранысты ресми түрде жіберуді сұрады, аталмыш сұранысты комитет 16 қыркүйекте алды. Бұл ретте Аманбаевтың бостандыққа шығуы туралы ақпаратты ҚАЖК сот органынан сұрауға кеңес берді.
Еске салсақ, 2017 жылдың ақпанында Аманбаев 14 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Оған астыртын көмектесу, жалған кәсіпкерлік, қызметтік өкілеттігін пайдаланып, ҰҚТ құру, қылмыстық жолмен алынған ақша мен мүлікті жымқыру, қызметтік өкілеттігін теріс пайдалану, пара алу және ҚР ҚК тағы да бірқатар баптары бойынша айып тағылған. Қылмыстық іс бойынша 36 сотталушының ісі қаралған еді.
Қатысты сілтемелер
-
Алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде нөсер жаңбыр жауады29 Наурыз 2024, 15:00
-
Бектенов депутаттардың «Отбасы банкіне» қатысты сынына жауап берді29 Наурыз 2024, 14:51
-
Қазақстан Ұлттық банкі World Painting коллекциялық монеталарын айналымға шығарады29 Наурыз 2024, 13:53