2018 ж. қаңтар-қыркүйегінде Қазақстанда сақтандыру секторының меншікті капиталы 12% өсті

Күні: 18:43, 26-10-2018.

Алматы. 26 қазан. ҚазТАГ – 2018 жылдың қаңтар-қыркүйегінде Қазақстанда сақтандыру секторының меншікті капиталы   12% өсті, деп хабарлады ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметінен (ҚРҰБ).  
«Меншікті капитал 461,4 млрд теңге (жыл басынан бері 12,1%-ға өсу) болды. Сақтандыру сыйлықақылары 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 2017 жылғы ұқсас көрсеткішпен салыстырғанда 286,8 млрд теңгеге дейін 0,8%-ға азайды, олардың ішінде тікелей сақтандыру шарттары бойынша қабылданған сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 256,4 млрд теңге болды», - делінген жұмада таратылған хабарда.  
2018 жылғы тоғыз айдың қорытындысы бойынша «өмірді сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру сыйлықақылары 2017 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 56,9 млрд теңгеге дейін 17,6%-ға ұлғайды. Жиынтық сақтандыру сыйлықақыларында «өмірді сақтандыру» саласы бойынша жиналған сақтандыру сыйлықақыларының үлесі 19,8%, 2017 жылғы 1 қазанда 16,7% болды.  
Қайта сақтандыруға берілген сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 68,9 млрд теңгені немесе сақтандыру сыйлықақыларының жиынтық көлемінің 24,0%-ын құрады. Қайта сақтандыруға берілген сақтандыру сыйлықақыларының 79,2%-ы Қазақстан Республикасының бейрезиденттеріне қайта сақтандыруға берілді.
2018 жылдың басынан бастап жүргізілген сақтандыру төлемдерінің жалпы көлемі (қайта сақтандыруға қабылданған шарттар бойынша жүзеге асырылған сақтандыру төлемдерін шегергенде) 51,1 млрд теңге болды, ол 2017 жылдың ұқсас кезеңінен 7,4%-ға аз.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының міндеттемелері жыл басынан бері 526,7 млрд теңгеге дейін 2,5%-ға ұлғайды. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары қолданыстағы сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша қабылданған міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету үшін қалыптастырған сақтандыру резервтерінің көлемі жыл басынан бері 470,0 млрд теңгеге дейін 2,0%-ға өсті.
2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша сақтандыру секторында 30 сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жұмыс істейді.


Жаңалықтармен бөлісу: