2018 ж. Қазақстанда 11 онлайн-казино анықталды

Күні: 11:47, 18-10-2018.

Астана. 18 қазан. ҚазТАГ – Оксана Скибан. 2018 жылы Қазақстанда 11 онлайн-казино анықталды, деп хабарлады қаржы министрі Әлихан Смаилов.
«Әкімшілікті жандандыруға қатысты, атап айтсақ, ағымдағы жылы көлеңкелі айналымды анықтау үшін біздің министрліктер онлайн-казино веб-сайттарының 11 жағдайын анықтады. Олар бойынша олардың қызметін тоқтату бойынша тиісті шаралар қабылданды», - деді Ә.Смаилов бейсенбідегі баспасөз мәслихатында.  
Ол атап өткендей, көлеңкелі экономикамен күрес мәселесі – бұл үкімет алдында тұрған, соның ішінде «қаржы министрлігінің алдында тұрған негізгі қауіптердің бірі».  
«Бізде заңды сипаттағы, әкімшілік сипаттағы шаралар бар»,- деді қаржы министрлігінің басшысы.  


Жаңалықтармен бөлісу: