Алматы. 26 қазан. ҚазТАГ – 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы әкелінуі $12,3 млрд құрады, деп хабарлады ҚР Ұлттық банкі (ҚРҰБ) баспасөз қызметінен.
«Тікелей инвестициялар бойынша таза әкеліну 4,2 млрд АҚШ доллары мөлшерінде қалыптасты. Қазақстанға шетелдік тікелей инвестициялардың (ШТИ) жалпы әкелінуі 15,4%-ға өсті және 12,3 млрд АҚШ доллары (2017 жылғы 1-жартыжылдықта 10,6 млрд АҚШ доллары) болды. Қазақстанға тікелей инвестициялар негізінен мұнайгаз секторының және металлургия өнеркәсібінің кәсіпорындарына жүзеге асырылды. Қазақстанның негізгі тікелей инвестор елдері Нидерланд (ШТИ-дің жалпы түсімдерінен 0,6%-ы), АҚШ (22,7%), Швейцария (10,3%), Ресей Федерациясы (6,7%), Бельгия (6,5%), Қытай (6,3%) болып табылады», - деп хабарлады жұма күні Ұлттық банктен.
Қаржылық реттеуші түсіндіргендей, шикізат экспортынан кірістердің өсуіне бейрезиденттерге тікелей инвестициялардан түскен кірістердің 11,0 млрд АҚШ долларына дейін 29,5%-ға өсуі себепші болды, олардың жартысынан астамы еншілес қазақстандық ұйымдарды қаржыландыруға бағытталды.
«Шикізат экспортынан кірістердің өсуіне бейрезиденттерге тікелей инвестициялардан түскен кірістердің 11,0 млрд АҚШ долларына дейін 29,5%-ға өсуі себепші болды, олардың жартысынан астамы еншілес қазақстандық ұйымдарды қаржыландыруға бағытталды», - делінген хабарда.
Портфельдік инвестициялар бойынша таза әкетілу негізінен «ҚазМұнайГаз Барлау Өндіру» АҚ-тың нарықтағы өз акцияларын және ауқымды депозитарлық қолхаттарын сатып алуы, сондай-ақ «БЖЗҚ» АҚ валюталық портфелінің өсуі есебінен 2,0 млрд АҚШ долларын құрады. Сондай-ақ резидентердің қайталама нарықта ҚР Қаржы министрлігінің еурооблигацияларын сатып алуы резиденттердің міндеттемелерінің азаюына ықпалын тигізді.
«Басқа инвестициялар бойынша 3,3 млрд АҚШ долларындағы таза әкетілу негізінен резиденттердің кредиттер мен қарыздар бойынша міндттемелерді өтеуіне, ҚР Ұлттық қорының шетелдік шоттардағы қысқа мерзімді активтерінің өсуіне және банктік емес сектордағы кәсіпорындардың дебиторлық берешегінің ұлғаюына байланысты болды», - деді қаржылық реттеуші.
2018 ж. бірінші жартыжылдығында Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы әкелінуі $12,3 млрд құрады
