2018 ж. сегіз айында Қазақстанның ЕАЭО елдерімен тауар айналымы $12 млрд құрады

Астана. 16 қазан. ҚазТАГ – 2018 жылдың сегіз айында Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен тауар айналымы $12 млрд құрады, деп хабарлады ҚР ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметінен.
«2018 жылғы қаңтар-тамыздағы Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 12 254,7 млн. АҚШ долларын құрап, 2017 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 8,4%-ға артты, соның ішінде экспорт – 3 909,2 млн. АҚШ доллары (13,8%-ға өсті), импорт – 8 345,5 млн. АҚШ доллары (6,0%-ға өсті)», - деп хабарлады сейсенбіде ҚР ҰЭМ хабарында.  
Ведомствода нақтыланғандай, Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымы жалпы көлемінде Ресей Федерациясына – 91,9%, Қырғызстан Республикасына – 4,5%, Беларусь Республикасына - 3,5%, Армения Республикасына – 0,1% келеді.

adimage