Алматы. 2 мамыр. ҚазТАГ – Табысты түзету немесе салық шегерімін қолдануға және 2018 жылдың 1 қаңтарынан бері ұсталынып келген жеке табыс салығының өтелуіне құқығы бар зейнетақы төлемдерін алушыларға ұсталынып келген жеке табыс салықтары қайтарылады, деп хабарлады қордың баспасөз қызметінен.
«Табысты түзету немесе салық шегерімін қолдануға және 2018 жылдың 1 қаңтарынан бері ұсталынып келген жеке табыс салығының өтелуіне құқығы бар зейнетақы төлемдерін алушыларға ұсталынып келген жеке табыс салықтары қайтарылады», - делінген бейсенбіде таратылған баспасөз парақшасында.
2018 жылдың 1 қаңтарынан бері ұсталынып келген жеке табыс салығын қайтару үшін БЖЗҚ-ға мына құжаттарды ұсыну қажет: табысты түзету немесе салық шегерімін (оның ішінде жерлеуге байланысты біржолғы төлемдер) қолдану туралы өтініш; табысты түзету немесе салық шегерімін қолдануды растайтын құжаттардың көшірмелері, делінген баспасөз парақшасында.
Ұсталынған жеке табыс салығының өтелуіне қатысты құқық зейнетақы төлемдері, оның ішінде жерлеуге байланысты біржолғы төлемдер жүзеге асырылған күннен бастап 5 жыл бойы сақталады.
Қазақстанның салық заңнамасына сәйкес, егер БЖЗҚ зейнетақы төлемдері мен жерлеуге біржолғы төлем алушылар – Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оған теңестірілген тұлғалар, мүгедектер, соғыс жылдары КСРО-да жұмыс жасаған және әскерде болғандар, мүгедек балалар мен олардың ата-аналары, қамқоршылар, қорғаншылар болса, олардан Салық кодексі белгілеген шекте ЖТС ұсталмайды.
2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап ұсталынып келген ЖТС қайтарылады – БЖЗҚ
