2018 жылдың 11 айында «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ алыс және жақын шет елдерге 401,6 мың тонна астық және майлы дақылдар экспорттады

Күні: 12:38, 10-12-2018.

Астана. 10 желтоқсан. ҚазТАГ - 2018 жылдың 11 айындағы қызметінің нәтижесі бойынша «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ алыс және жақын шет елдерге 401,6 мың тонна астық және майлы дақылдар экспорттады, деп хабарлады корпорацияның баспасөз қызметінен дүйсенбі күні.
2017 жылғы қызыметінің нәтижесі бойынша компания экспортқа 120 мыңнан астам тонна астық және майлы дақылдар бағыттады.
2018 жылдың 11 айындағы қызметінің нәтижесі бойынша алыс және жақын шет елдерге 401,6 мың тонна астық және майлы дақылдар экспорттады, оның ішінде: Күнгей Кавказ елдеріне - 145,1 мың тонна бидай; Орта Азияға - 126,4 мың тонна бидай; Иранға – 110,6 мың тонна арпа; Қытайға – 19 мың тонна бидай және 417,2 тонна күнбағыс майы.
" Осы жылғы экспорт көлемінің өсуі интервенциялық қор құрамынан маусым аралығында астық сатумен және де Түркменстан мен Күнгей Кавказ елдеріне бидай жеткізуді қайта жалғастырумен байланысты", - делінген корпорация баспасөз қызметінен.
«Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ негізгі қызметі еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысу, ішкі астық нарығын тұрақтандыруға және экпорттың дамуына жәрдемдесу. Компанияның жалғыз акционері «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ болып табылады.


Жаңалықтармен бөлісу: