2018 жылдың 9 айында Екібастұзда 32 мың тоннадан астам көмір өндірілді

Күні: 11:36, 23-10-2018.

Астана. 23 қазан. ҚазТАГ - 2018 жылдың 9 айында Екібастұзда 32 мың тоннадан астам көмір өндірілді, деп хабарлады «Самұрық-Энерго» АҚ баспасөз қызметінен.  
«Екібастұздағы «Богатырь Көмір» ЖШС-ның кеніштерінде а.ж. 9 айда жоспарланған 29 778 мың тоннаның орнына 32 556 мың тонна көмір өндірілді. Осы орайда компания бүгінге дейін 32 869 мың тонна көмір жөнелтті, бұл жоспарланған көлемнің 110 процентін құрайды», - делінген сейсенбіде таратылған хабарда.  
«Самұрық-Энерго» электр энергетикасы холдингі мамандарының сөзінше, тиелген көмірдің 80 процентке жуығы электр энергиясы мен жылу өндіру үшін республиканың энергия өндіретін кәсіпорындарына жіберілген.
Бұдан тыс, «Богатырь Көмір» қатты отынды коммуналдық-тұрмыстық мұқтажды өтеу үшін жөнелтеді. Бұл жерде сөз ауылдық елді мекендердегі, екібастұз көмірі паспортта көрсетілген отын болып табылатын, ұсақ қазандықтар туралы болып отыр. Олар бойынша коммуналдық-тұрмыстық көмірді (КТК) тиеп-жөнелтудің 1 000 000 тонна жоспары ағымдағы жылғы 25 қыркүйекте орындалып қойды. Осы уақытқа қарай жеткізу көлемі 1 037 мың тоннаны құрады. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы тұтынушыларға 1 398 551 тонна көлемінде КТК жөнелтілген болатын.
«Бүгінгі күнге қарай көмір өндіруші компания 2018-2019 жж. жылу маусымына дайындық аясында тапсырыс берушілердің барлық сұранысын орындады», - делінген хабарда.
Екібастұз көмір бассейнінде өндірілетін бүкіл көмірдің 60 проценті және Қазақстан Республикасында өндірілетін көмірдің жалпы көлемінің 40 проценті «Богатырь Көмір» ЖШС-ның үлесіне тиесілі.


Жаңалықтармен бөлісу: