2018 жылдың қаңтар-қарашасында Қазақстанға келіп түскен төлемдердің негізгі үлесі Ресейге, Швейцарияға, Кореяға, АҚШ-қа және Люксембургке тиесілі

Күні: 18:07, 18-01-2019.

Алматы. 18 қаңтар. ҚазТАГ – Елдер бойынша келіп түсетін төлемдердің негізгі үлесі Ресейге, Швейцарияға, Корея Республикасына, АҚШ-қа және Люксембургке тиесілі, олардың жиынтық үлесі 62%-ды құрады, делінген Ұлттық банк хабарында.
«Жеке тұлғалардың пайдасына Ресейден Қазақстанға жіберілген төлемдердің жалпы сомасының 59,5%-ы Ресей рубльімен және 29,9%-ы АҚШ долларымен жасалған. Ресейден алынған төлемдердің құрылымында өтеусіз аударымдар 84,2%-ды құрады. Швейцариядан алынған төлемдер мен ақша аударымдарының негізгі ағымы АҚШ долларымен– 89,4% және еуромен – 9,4% жүзеге асырылған. Швейцариядан алынған төлемдер мен ақша аударымдарының құрылымында бағалы қағаздарды сатып алу 36,8%-ды, меншік шоттарға аударымдар – 30,4%-ды құрады», - делінген хабарда.
Қалған елдер бойынша Қазақстанға жіберілген операциялардың басым көлемі АҚШ долларымен жасалған: Корея Республикасы – 98,9%, АҚШ – 99,3%, Люксембург – 97,5%.
«Қазақстанға төлемдер жіберу бойынша көш бастап тұрған елдер: тауарларға төлемдер бойынша – Ресей (27,9%); қызметтерге төлемдер бойынша Ресей (30,2%); өтеусіз аударымдар бойынша – Ресей (48,3%) және Корея Республикасы (13,9%)4 ; Қазақстандағы меншік банк шоттарына ақша аударымдары бойынша – Швейцария (25,0%), Люксембург (24,9%), оның ішінде 39%-ы Қазақстанда тұрып жатқан бейрезиденттердің пайдасына бағытталған; бағалы қағаздар сатып алу бойынша – Швейцария (46,9%) және Люксембург (24,1%); қарызды өтеу бойынша – Швейцария (24,5%)», - делінген хабарда


Жаңалықтармен бөлісу: