2018 жылдың қаңтар-қарашасында Қазақстаннан жеке тұлғалар $7 млрд төлемдер мен аударымдар жіберген

Алматы. 18 қаңтар. ҚазТАГ – 2018 жылдың қаңтар-қарашасында Қазақстаннан жеке тұлғалар $7 млрд төлемдер мен аударымдар жіберген, деп хабарлады Ұлттық банктің (ҰБ) баспасөз қызметінен.
«2018 жылғы қаңтар-қараша аралығындағы кезеңде жеке тұлғалар Қазақстаннан 2 322,1 млрд. теңге (6,7 млрд. АҚШ доллары) сомаға 39, 8 млн. төлемдер мен аударымдар жіберді. 2017 жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда операциялардың саны 57,1%-ға өсті, ал сома тиісінше 12,8%-ға төмендеді», - делінген жұмада таратылған хабарда.
Операциялардың басым көлемі 777,1 млрд. теңге сомадағы өтеусіз ақша аударымдарына тиесілі болды, олардың үлесі Қазақстаннан жіберген төлемдер мен ақша аударымдарының жалпы көлемінің 33,5%-ын құрады.
«Басқа төлемдер мен ақша аударымдарының үлесі мынадай болды: тауарлар үшін 767,5 млрд. теңге немесе жалпы көлемнің 33,1%-ы, оның 96,0%-ын тұтынушылық тауарлар үшін төлемдер, жылжымайтын мүлік 29,1 млрд. теңгені немесе 3,8% және басқалары 1,4 млрд. теңгені немесе 0,2%-ды құрайды; өзінің банктік шоттары арасындағы аударымдар 340,5 млрд. теңге (жалпы көлемнің 14,7%- ы); көрсетілетін қызметтер үшін төлемдер 187,2 млрд. теңге (жалпы көлемнің 8,1%-ы), оның 71,5 млрд. теңге (38%) кәсіби, ғылыми және техникалық көрсетілетін қызметтер үшін, 32,5 млрд. теңге (17,3%) білім беру қызметі үшін, 28,7 млрд. теңге (15,3%) қонақ үйлер мен мейрамханалар қызметтері үшін», - делінген Ұлттық банктен.
Төлемдердің валюталары бойынша 1 АҚШ долларына төлемдердің жалпы көлемінің 59,4%-ы, Ресей рубліне 21,5%, еуроға 12,5%, фунт стерлингке 2,0%, теңгеге 1,6% және басқа да валталарға 3,1% тиесілі.

adimage