2018 жылдың қаңтар-қарашасында Қазақстаннан жеке тұлғалар аударған төлемдер ағынының 61%-ы алты елге тиесілі

Күні: 17:42, 18-01-2019.

Алматы. 18 қаңтар. ҚазТАГ – 2018 жылдың қаңтар-қарашасында Қазақстаннан жеке тұлғалар аударған төлемдер ағынының 61%-ы алты елге тиесілі, деп хабарлады Ұлттық банктің баспасөз қызметінен.
«Елдер бойынша шығыс төлемдердің негізгі ағындары Ресейге, Түркияға, АҚШ-қа, Өзбекстанға, Швейцарияға және Қытайға тиесілі, олардың жиынтық үлесі 61,3%-ды құрайды», - делінген жұмадағы хабарда.
Ресеймен есеп айырысу валютасы ретінде Ресей рублі Ресейге жіберілген төлемдердің жалпы сомасының 71,7%-ы және АҚШ доллары - 23,9% пайдаланылды.
 «Ресейге жіберілген төлемдер мен аударымдардың құрылымында өтеусіз аударымдар 55,7%-ды, тауарлар/қызметтер үшін төлемдер 29,3%-ды құрады», - деді қаржылық реттеуші.
Түркияға жіберілген төлемдер мен ақша аударымдарының негізгі үлесі – 91,4% АҚШ долларымен жүзеге асырылған. Түркияға жіберілген төлемдер мен ақша аударымдары құрылымында өтеусіз аударымдар 73,5%-ды, тауарлар/көрсетілетін қызметтер үшін ақы 17,1%-ды құрады.
«Қалған елдер бойынша операциялардың басым бөлігі АҚШ долларымен жүзеге асырылды: Өзбекстан – 98,1%, АҚШ – 96,5%, Швейцария – 77,3%, Қытай – 97,1%», - деп хабарлады қаржылай реттеуші.  


Жаңалықтармен бөлісу: