2018 жылдың қорытындысы бойынша ҚР тікелей шетелдік инвестицияның жалпы ағыны 16% өсті

Астана. 22 сәуір. ҚазТАГ – 2018 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанға тікелей шетелідк инвестицияның жалпы ағыны 16% өсті, деп хабарлады премьер-министрдің баспасөз қызметінен.
«ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев экономика өсімінің тұрақты қарқынын қамтамасыз ету міндетін қойды, бұл негізгі капиталға ЖІӨ 30% деңгейіне дейін инвестициялар көлемін ұлғайтуды талап етеді. Тікелей шетелдік инвестициялар негізгі драйверге айналуы тиіс. 2018 жылдың қорытындысы бойынша ҚР-ға тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны 15,8% өсіп, $22,4 млрд құрады», - деп хабарлады дүйсенбіде премьер-министр Асқар Мамин.
Еске салсақ, бұған дейін хабарланғандай, ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен Инвестициялар тарту мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесі құрылды. Хабарда атап өтілгендей, инвестициялар тарту мәселесі бойынша барлық жауапты шешімдер Үйлестіру кеңесінің қарауына шығарылатын болады. Кеңестің бірінші отырысы биыл мамыр айында өтеді.
Сонымен қатар «Астана» халықаралық қаржы орталығы, өз кезегінде, инвестициялар тартудың аймақтық орталығына айналуы тиіс.

adimage