2018 жылдың соңына дейін Алматы аялдамаларында бірінші электронды таблолар пайда болады

Алматы. 30 қазан. ҚазТАГ - Алматы аялдамаларында 2018 жылдың соңына дейін қоғамдық көлік қозғалысының кестесі бар алғашқы электронды таблолар пайда болады, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.  
«Әкімдік аялдамаларға цифрлы таблолар орнатуға қарсы емес. Мұнда оларды қала бюджетінен тыс қаржы есебінен орнату туралы айтылды. Алғашқы табло  Тимирязев көшесі бойындағы BRT желісінде жыл соңына дейін пайда болады. Бұл істі Алматы Көлік холдингі өз мойнына алып отыр. Қала әкімінің тапсырмасына орай біз бұл істі бюджеттен тыс қаржы есебінен жасаймыз және қаланың ірі тораптық аялдамаларын цифрлы таблолармен қамтамасыз етеміз», - деді Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Талғат Хосчанов.
Оның айтуынша, 200 мыңнан астам тұтынушы онлайн-режимде карта бойынша көлік қозғалысын «Оңай» қосымшасындағы QR-коды арқылы біліп отырады. 360 мың белсенді қолданушы  CityBus қосымшасын пайдаланады.  
Сонымен қатар,  жыл соңына дейін Алматыда жаңа қоғамдық көліктің үлесі 87 пайызға дейін жететін болады. Өткен аптада қалаға тағы 200 жаңа автобус келді.

adimage