2018 жылдың тоғыз айында Қазақстанда депозиттерді долларландыру 47,5% дейін түсті

Күні: 12:53, 25-10-2018.

Астана. 25 қазан. ҚазТАГ – 2018 жылдың тоғыз айында Қазақстанда депозиттерді долларландыру   47,5% дейін түсті, деп хабарлады ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметінен.  
«Ағымдағы жылдың 9 айында депозиттер 0,8%-ға 17,6 трлн теңгеге дейін өсті. Ұлттық валютадағы депозиттердің өсімі 1,1% немесе 97 млрд теңгені құрды. Шетел валютасындағы депозиттер 0,5%-ға немесе 40,8 млрд теңгеге көбейді. Нәтижесінде, депозиттердің долларландыруы 47,5%-ға дейін төмендеді», - деп мәлімдеді парламент сенатында ҚР ҰБ төрағасы Данияр Ақышев бейсенбіде.  
Сондай-ақ, оның айтуынша,  1 қазаннан бастап жеке тұлғалардың депозиттері бойынша ең жоғары мөлшерлемелерді анықтау тәсілі өзгерді.
«Мөлшерлемелер мерзім және салым түрі бойынша жіктеледі», - деп түсіндірді Д.Ақышев.  


Жаңалықтармен бөлісу: