2018 жылдың тоғыз айында Қазақстанда инфляция 3,7% құрады

Күні: 13:34, 05-11-2018.

Астана. 5 қараша. ҚазТАГ – 2018 жылдың тоғыз айында Қазақстанда инфляция 3,7% құрады, деп хабарлады ҚР ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетінен.  
«Қазақстанда 2018 жылдың қазан айында инфляция алдыңғы аймен салыстырғанда   0,4%, 2017 жылдың тиісті айымен салыстырғанда   – 5,3%, 2017 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда  – 3,7% құрады», - деп хабарлады дүйсенбіде комитеттен.  
Статақпарға сәйкес,  азық-түлік емес тауарлар алдыңғы айда    0,7% қымбаттады, ал ақылы қызмет бағасы  0,2% өсты.
«Тоғыз айда азық-түлік бағасы (2018 жылдың қазанында 2017 жылдың желтоқсанына қарағанда)  2,6% өсті, азық-түлік емес тауарларға –  5,1%, ақылы қызметке – 3,5%», - делінген хабарда.


Жаңалықтармен бөлісу: