2018 жылы Қарашығанақта 19 млн текше метр газ өндірілген

Астана. 27 мамыр. ҚазТАГ – 2018 жылы Қарашығанақта 19 млн текше метр газ өндірілген, делінген «ҚазМұнайГаз» (ҚМГ) ҰК» АҚ жылдық есебінде.
«2018 жылы Қарашығанақтағы газ өндірісі жылдық жоспардан 547 млн м³-ке асып, 18 913 млн м³-ті құрады. 2018 жылы газ өндірісі 2017 жылмен салыстырғанда 11 млн м³-ке (немесе 0,06%-ке) сәл азайды. Сұйық көмірсутектер өндірісі 10 953 мың тоннаны құрады, бұл да жылдық жоспардан 66 млн м³-ге асып түсті», - делінген құжатта.
Хабарда атап өтілгендей, 2018 жылы сұйық көмірсутектердің өндіріс көлемі газ конденсаты факторының ұлғаюына, су айдалатын ұңғымалардың өсуіне байланысты 2017 жылмен салыстырғанда 294 мың тоннаға (немесе 2,6%-ке) азайған.
«Газды қайта айдау 8 589 млн м³ құрады, бұл жылдық жоспардан 520 млн м³-ге төмен және бұған газдың айдау орнынан экспортқа бағыттылуы себеп болып отыр», - деді ҚМГ-нен.
Қарашығанақ жобасы 1997 жылғы 18 қарашада 40 жыл мерзімге қол қойылған Өнімді үлестіру жөніндегі соңғы келісімшарттың аясында заңды күшіне енген күннен бастап (1998 жылғы 27 қаңтар) жүзеге асырылып келеді. Мұнай өндіру деңгейін әрі қарай арттыру үшін Қарашығанақты кеңейту жобасын жүзеге асыру жоспарланған. Мердігерлік компаниялар арасындағы үлестік қатысудың үлестірілуі: «Шелл» (29,25%), «Эни» (29,25%), «Шеврон» (18%), «ЛУКОЙЛ» (13,5%) және ҚМГ (10%)..

adimage