2018 жылы Қазақстан мен Ресей тауар айналымы $17,6 млрд. жетті

Күні: 11:34, 13-02-2019.

Алматы. 13 ақпан. ҚазТАГ – 2018 жылы Қазақстан мен Ресей тауар айналымы $17,6 млрд. жетті, деп хабарлады РФ-дағы ҚР елшілігінің баспасөз қызметінен.
«2018 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Ресей тауар айналымы $17,6 млрд. жетті. Был алдыңғы жылмен салыстырғанда 7,2% жоғары. Бұл ретте экспорт $5,2 млрд (өсім 11,3%), импорт – $12,4 млрд (өсім 5,6%)», - делінген хабарда.
Бұл ретте Қазақстанның ішкі сауда айналымындағы Ресейдің үлесі 2018 жылдың қаңтар-қарашасында 18,6% құрады.
«ҚР-дағы импорт көлемі бойынша солтүстіктегі көршіміз 1-орында – 37,3% және қазақстандық өнім экспортының көлемі бойынша 4-орында– 8,5%», - делінген хабарда.


Жаңалықтармен бөлісу: