2018 жылы Қазақстанда мұнай саласындағы өндіріс көлемі тарихи жоғары мәнге жетті

Күні: 17:43, 08-02-2019.

Астана. 8 ақпан. ҚазТАГ – 2018 жылы Қазақстанда мұнай саласындағы өндіріс көлемі тарихи жоғары мәнге жетті, деп мәлім етті ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев.
«2018 жылдың қорытындысы бойынша мұнай саласындағы өндіріс көлемі 90,36 миллион тоннаны құрап, тарихи жоғары мәнге жетті. 2017 жылмен салыстырғанда өсім 4,8% құрады», - деп мәлім етті Қ.Бозымбаев жұма күні энергетика министрлігінің кеңейтілген алқасының отырысында.
Ол нақтылағандай, ондай жоғары көрсеткішке Қашаған (13,2 млн тонн), Теңгіз (28,6 млн.тонн) және Қарашығанақ (12,2млн.тонн.) кен орындарындағы мұнай өндірісінің артуына байланысты қол жеткізілді.


Жаңалықтармен бөлісу: