2018 жылы Қазақстанда өнеркәсіптік өндіріс индексі 104% асты

Астана. 11 қаңтар. ҚазТАГ – 2018 жылы Қазақстанда өнеркәсіптік өндіріс индексі 104% асты, деп хабарлады ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Өнеркәсіптік өндірістің индексі 104,1% құрады. 2018 жылғы қаңтар-желтоқсанда 2017 жылмен салыстырғанда шикі мұнай, табиғи газ және металл кендерінің өндірісі ұлғайды. Тамақ өнімдері, темекі бұйымдары, мұнай өңдеу өнімдері, химиялық өнеркәсіп өнімдері, резеңке және пластмасса бұйымдары өндірісі, металлургия өнеркәсібі және машина жасау өнімдері өндірісінің көлемі өсті. Сонымен бірге, қара металлургия өнімдерінің өндірісі төмендеді», - деп хабарлады жұма күні ҰЭМ-нен.
Бұл ретте, ұлттық экономика минисрлігінің ақпарынша, қара металлургия өндірісі төмендеді.
«Өнеркәсіптік өнімдердің өндіріс көлемінің өсуі республиканың 14 өңірінде байқалды», - деді ведомстводан.
2018 жылдың қаңатр-желтоқсанында мұнай, газ конденсатын қосқанда, 90,4 млн.тонна (2017 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 104,8%), 103,2 млн тонна мыс кендері (108,6%), 4 млн тонна ұн (100,7%), 4 млн тонна бензин (129,8%), 4,7 млн тонн газойль (107,4%), 9,9 млн тонна портландцемент (105,5%), 2,5 млн тонна жайпақ прокат (89,5%), 0,4 млн тонна тазартылған мыс (102,8%) және 107,1 млрд кВт/сағ электроэнергиясы (103,8%) өндірілген.

adimage