2018 жылы Қазақстандағы МҚҰ 50-ден астам санкция мен шектеулер салынды

Күні: 11:26, 23-01-2019.

Алматы. 23 қаңтар. ҚазТАГ – 2018 жылы Қазақстандағы микроқаржылық ұйымдарға (МҚҰ) 50-ден астам санкция мен шектеулер салынды, деп хабарлады Ұлттық банктің баспасөз қызметінен.
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2018 жылдың қорытындысы бойынша МҚҰ1 аса жиі жол беретін микроқаржы ұйымдарының қызметтерін тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықтарға мониторинг пен талдау жүргізді. Анықталған бұзушылықтардың қорытындысы бойынша МҚҰ қатысты 52 санкция және шектеулі ықпал ету шарасы қолданылды», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.
18 санкция «Караганда Микрофинанс» микроқаржы ұйымы» ЖШС, «Экспресс Займ» микроқаржы ұйымы» ЖШС және «Аксай» МҚҰ» ЖШС, «Аксай» МҚҰ» ЖШС, «Финансовый магазин» микроқаржы ұйымы» ЖШС - 2, «Кредит - регион» микроқаржы ұйымы» ЖШС, «HeartAsiaCredit» микроқаржы ұйымы» ЖШС және «Finbox» микроқаржы ұйымы» ЖШС - 2, «ҚАЗЫНА КРЕДИТ» микроқаржы ұйымы» ЖШС, «HeartAsiaCredit» микроқаржы ұйымы» ЖШС, «СЕНІМ –VMY» микроқаржы ұйымы» ЖШС-ге айыппұлдар салу және өндіріп алу түрінде қолданылды.
Жазбаша ұйғарым түріндегі 36 шектеулі ықпал ету шарасы «АбзалКредит» микроқаржы ұйымы» ЖШС, «SM-INVEST» МҚҰ» ЖШС, «Азиатский кредитный фонд» МҚҰ» ЖШС, «Инкар & S» микроқаржы ұйымы» ЖШС, «Теньгофф» МҚҰ» ЖШС, «Аксай» МҚҰ ЖШС, «Орал» микроқаржы ұйымы» ЖШС, «Инкар & S» микроқаржы ұйымы» ЖШС, «Микрокредит» микроқаржы ұйымы» ЖШС, «Экспресс Займ» микроқаржы ұйымы» ЖШС, «Қыран инвест» микроқаржы ұйымы» ЖШС, «Шу» микроқаржы ұйымы» ЖШС, «МАКС-М» микроқаржы ұйымы» ЖШС, «Эверест Финанс» микроқаржы ұйымы» ЖШС, «Қазақ несие» микроқаржы ұйымы» ЖШС, «Досжан - Инвест» микроқаржы ұйымы» ЖШС, «Batys kapital» МҚҰ» ЖШС, «MKM-Kredit» МҚҰ» ЖШС, «Альянс Орда Финанс» микроқаржы ұйымы» ЖШС, «Эверест Финанс» микроқаржы ұйымы» ЖШС, «Иртыш» микроқаржы ұйымы» ЖШС, «FinansInvest» микроқаржы ұйымы» ЖШС, «Атамекен Тараз» МҚҰ» ЖШС, «ҚазАқша» микроқаржы ұйымы» ЖШС, «СЕНІМ –VMY» микроқаржы ұйымы» ЖШС, «Комфорт Финанс» микроқаржы ұйымы» ЖШС, «HeartAsiaCredit» микроқаржы ұйымы» ЖШС, «Кредит - регион» микроқаржы ұйымы» ЖШС, «Сенат 2050» микроқаржы ұйымы» ЖШС, «Казкредит» микроқаржы ұйымы» ЖШС, «Береке» МҚҰ» ЖШС-ге қолданылды.
«Талдаудың қорытындылары бойынша МҚҰ микрокредит беру туралы шарт талаптарының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуіне; Ұлттық Банктің тиісті рұқсатынсыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға; ЖТСМ2 шекті мөлшерінен асып кетуге байланысты бұзушылықтарға жол берген», - деп нақтылады Ұлттық банктен. .
Сонымен қатар, қарыз алушының қарауы және танысуы үшін қол жетімді жерде микрокредиттер беру ережесін орналастыру тәртібін бұзуға; кредиттік бюроға жалған ақпарат беруге; есеп беру тәртібі мен мерзімдерін бұзуға; жеткізушінің кредиттік мәліметтер бюросына кредиттік бюро және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін кредиттік тарих субъектісінен алынған ақпаратты бермеуіне, сондай-ақ уақтылы бермеуіне, немесе дәйексіз мәліметтер беруіне; шарттарда микрокредиттің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен есептелген жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі мөлшерінде берілуі жөнінде көрсетілмеуіне; ықпал етудің шектеулі шараларын қолдану арқылы Ұлттық Банк жүктеген міндеттердің; есеп беру тәртібі мен мерзімінің бұзылуына; қарыз бойынша бухгалтерлік есептің қате жүргізілуіне байланысты бұзушылықтарға жол берді.


Жаңалықтармен бөлісу: