2018 жылы қазақстандық өнім 119 елге экспортталған - ИИДМ

Астана. 21 ақпан. ҚазТАГ – Баубек Қоңыров. 2018 жылы Ауғанстанға, Ресейге, Түркіменстан мен Әзірбайжанға қазақстандық өнім жеткізіліміне экспорттық келісім-шарт жасалды, деп хабарлады Қазақстанның индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі (ИИДМ) Жеңіс Қасымбек.
«Соңғы бес жылда қайта өңдеуші өнеркәсіп экспортының үлесі 9%ға артты. Ол экспортшыларға мемқолдаудың қаржылық және қаржылық емес шараларын ұсыну есебінен қамтылды. 2018 жылы қазақстандық рельсті Ауғанстанға, Тәжікстанға автобустар мен жеңіл көліктерді, Түркіменстанға лак бояу бұйымдарын, сондай-ақ Ресейге, Ауғанстан мен Әзірбайжанға трансфарматорлар жеткізуге $450 млн астам сомаға экспорттық келісім-шарт жасалды», - деп мәлімдеді Ж.Қасымбек бейсенбідегі ведомство алқасында.
Оның айтуынша, 2018 жылы экспорт көлемі 21,7% өсіп, $60,9 млрд. құрады, соның ішінде қайта өңделген өнім экспорты $15,7 млрд. құрайды.
«2018 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандық өнім 119 елге экспортталған», - деді министр.

adimage