Астана. 12 сәуір. ҚазТАГ – 2018 жылы Қазақстаннан халықаралық ақша аударымдары жүйелері (ХААЖ) арқылы жеке тұлғаларға Т602 млрд аударылған, деп хабарлады Ұлттық банктің баспасөз қызметінен.
«Шолу нәтижелеріне сәйкес 2018 жылдың ішінде халықаралық ақша аударымдары жүйелері (ХААЖ) арқылы ақша аударымының жалпы көлемінің 2017 жылмен салыстырғанда 20,4%-ға өскені байқалды. Жеке тұлғалар шетелге ХААЖ арқылы жіберген аударымдар саны 2018 жылы 2017 жылғы тиісті көрсеткіштен 19,3%-ға асып, 601,8 млрд теңге сомаға 2,7 млн транзакцияны құрады», - делінген жұмада таратылған хабарда.
Қаржылай реттеуші нақтылағандай, 2018 жыл ішінде ХААЖ арқылы жеке тұлғалар шетелден 362,0 млрд теңге сомаға 1, 5 млн. ақша аударымдарын алды (17,0%-ға ұлғайды).
«2018 жылы Қазақстан аумағында ХААЖ арқылы жүргізілген транзакциялардың көлемі 2017 жылмен салыстырғанда 44,7%-ға өсті. Қазақстан бойынша жіберілген ақша аударымдарының ең көп үлесін «Золотая Корона» ХААЖ (70%-дан астам) арқылы жүргізілген аударымдар құрады», - деді Ұлттық банктен.
Қатысты сілтемелер
-
Түркістанда жолдарды түгендеу және паспорттау қызметіне Т150 млн жұмсамақ28 Наурыз 2024, 17:22
-
ТЖМ Қазақстандағы су тасқыны бойынша жедел ақпарат ұсынуға қауқарсыз болып шықты28 Наурыз 2024, 17:17
-
Ауыр қылмыс жасаған екі күдікті Түркиядан Алматыға жеткізілді28 Наурыз 2024, 17:07
-
Тоқаев ЭЫДҰ бас хатшысымен кездесті28 Наурыз 2024, 16:51
-
Қазақстанда 15 сәуірден жол жүрісі қауіпсіздігі бойынша жаңа жобаның пилоты басталмақ28 Наурыз 2024, 16:34