2018 жылы Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 19,7% өсті

Күні: 17:20, 13-02-2019.

Алматы. 13 ақпан. ҚазТАГ – 2018 жылы Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 19,7% өсті, деп хабарлады ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетінің баспасөз қызметінен.
«2018 жылғы қаңтар-желтоқсанда сыртқы сауда айналымы 93489,7 млн. АҚШ долларын құрап, 2017 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 19,7% артты, оның ішінде экспорт – 60956,2 млн. АҚШ долларын (25,7% көп), импорт – 32533,5 млн. АҚШ долларын құрады (9,9% көп)», - делінген хабарда.
ЕАЭО елдерімен жасалған экспорт 2018 жылы 5,892 млрд АҚШ долларын құрады немесе 2017 жылмен салыстырғанда 12% көп, импорт – 13,222 млрд АҚШ доллары (өсім 5,6%).


Жаңалықтармен бөлісу: