2018 жылы «Қазгеологияға» тартылған инвестиция көлемі Т169 млн өсті

Астана. 29 сәуір. ҚазТАГ – 2019 жылы «Қазгеология» Ұлттық геологиялық барлау компаниясы (ҰГБК) АҚ тартқан инвестия көлемі Т169 млн өсті, деп хабарлады индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Геологиялық барлау – қаншама жылдар бойы іздеу әрі зерттеулер жұмыстары орындалатын, инвестициялық салымдар үшін тәуекелі көп сала. «Қазгеология» АҚ қазіргі уақытта, жоспарлы әрі ауқымды жұмыстардың нәтижесінде шетелдік инвесторлармен табысты ынтымақтастық жасауда. 2017 жылмен салыстырғанда шетелдік және қазақстандық инвесторлар салымдарының көлемі 168,8 млн. теңгеге артып, 3,5 млрд.теңге құрады», - деп хабарлады дүйсенбіде ИИДМ-нен.
Хабарда атап өтілгендей, «Қазгеология» АҚ соңғы 3 жыл бойы «Rio Tinto австралия-британия концернімен», «Ulmus Fund» неміс инвестициялары қорымен және «ILUKA Resources Limited» (ILUKA) австралия компаниясымен табысты түрде ынтымақтастық жасауда.
Еуропа және Австралия компанияларынан бөлек, Қазгелогия Түркия және Ресей инвесторларымен жұмыс істеуде. Олар: Yildirim Holding A.S. мен «Полиметалл» АҚ.
«Бүгінгі күні шетелдік инвесторлардың қаржы құйылымдарының арқасында 6 учаскеде геологиялық барлау жұмыстары жүргізілуде: Қарағандыоблысының Қорғантас учаскесінде мыс-порфира кендерін барлау (инвестор – Rio Tinto, Ұлыбритания); Қарағанды облысының Балқаш-Сарышаған алаңында мыс-порфира кендерін барлау (Rio Tinto); Қарағанды облысының Бесшоқы алаңында асыл және түсті металдарды барлау (Ulmus Fund, Германия); ШҚО Бақанас алаңының Майлышат учаскесінде құрамында алтын бар кендерді барлау (DTK Metals and Mining B.V., Yildirim Holding A.S., Түркия еншілес ұйымы); ШҚО Суровский учаскесінде құрамында платиноидті және алтыны бар кендерді барлау (DTK Metals and Mining B.V.); Қостанай облысының Шекара учаскесінде жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу ( «Полиметалл» АҚ, Ресей)», - деп түсіндірді индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.
Хабарда айтылғандай, жер қойнауын пайдалану жобалары бойынша осы компаниялардың геологиялық зерттеу және барлаудың жалпы алаңы 20 мың шаршы шақырымға жуық.
«Осы 6 жоба бойынша тек қана іздеу кезеңінде ғана тартылған инвестициялар сомасы 20 млрд. теңгеге жуық. 2018 жылдың аяғында 6 млрд. теңге инвестиция тартылды. Бұдан басқа, 2019 – 2020 жж. шетелдік инвесторлармен тағы 15 жоба бойынша геологиялық барлауды бастау жоспарлануда. «Қазгеология» АҚ таяу жылдары геологиялық барлауға тартылатын шетелдік инвестициялар сомасын 100 млн. АҚШ долларына жеткізуді жоспарлауда. Бұл үшін қазіргі уақытта Жапония, Иран, Түркия, Сингапур, Швейцария, Бразилия, Оңтүстік Африка, Сауд Арабиясы, Қытай, Австралия, Канада, Чили, Ресей инвесторларымен келіссөздер жүргізілуде», - делінген хабарда.
Атап өтілгендей, «Қазгеология» қала құраушы кәсіпорындарды қолдау әрі олардың минералдық шикізат базасын толықтыру мақсатында «Қазцинк» және «Қазақмыс» сияқты әлеуметтік маңызы бар ірі кәсіпорындармен табысты ынтымақтастық жасауда.
«Қазцинк» ЖШС-мен Риддер және Зыряновск моно қалаларының маңында алтын, мыс және полиметалдар барлау бойынша 5 жоба жалғастырылуда. Бүгінгі күні 2018 жылғы маусымда құрылған бірлескен кәсіпорындарға жер қойнауын пайдалану құқығы берілді. 2018 жылы геологиялық барлаудың инвестиция көлемі 144,7 млн. теңгені құрады», - деді ИИДМ
Жезқазған, Сәтбаев және Балқаш аудандарындағы 5 объектіде құрамында мыс бар кендерді барлау үшін Қазгеология «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС-мен бірлескен кәсіпорындар құрылды. Қазгеология жер қойнауын пайдалану құқығын алып, бірлескен кәсіпорындарға берді.
«Қарағанды облысының Дүйсембай учаскесінде полиметалл кендерін іздеу жұмыстары жүргізілді. Жезқазған алаңында Қазақмыстың Сәтбаев №3 кен байыту фабрикасы орналасқан. Бүгінгі таңда ол тоқтап тұр. Кеңес кезінде фабрикада Дүйсембай кен орнындағы қорғасын, мырыш кендерінің байытылуна технологиялық зерттеулер жүргізілген еді. Олардың нәтижесі өңдеуге болатынын көрсетті. Геологиялық барлау жұмыстарынан күтілетін нәтиже – фабрика жұмысын жандандыруға серпін береді және осы өңір үшін әлеуметтік тұрғыдан тиімді болады», - делінген хабарда.
ИИДМ ақпарынша, Қостанай облысында үш бірлескен жоба бар.
«2018 жылғы қазанда Қазгеология Алтын қазған учаскесіне (Орталық) лицензия алды. 2018 жылы геологиялық барлаудың инвестиция көлемі 460,1 млн теңгені құрады», - деді ведомстводан.
Хабарда атап өтілгендей, Қазақстанда Ресейдің «Полиметалл» АҚ компаниясы алғашқы геологиялық барлау жұмыстарын қаржыландыра бастады.
«АҚ-мен бірлесіп, алтын-күміс, скарндік мыс-алтын, алтын-сульфидті өнеркәсіптік кен орындарын табуға Қостанай облысының перспективалы шекара учаскесінде аэрогеофизикалық зерттеулер жасалды.
Олардың нәтижесінде 2019 жылы іздеу жұмыстарын жолға қою үшін перспективалы алаңдар анықталды. Геологиялық барлаудағы осындай зерттеулер озық технологиялармен жүргізіледі. 2018 жылы геологиялық барлаудың инвестиция көлемі 192 млн теңгені құрады», - делінген хабарда.
Сонымен қатар, ИИДМ ақпарынша, жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы жаңа кодексте (австралия әдісінің негізінде) оларға жағдай жасалған юниорлық компанияларды қолдау әрі дамыту қағидатын іске асыру үшін Қазгеология қазақстандық компаниялардың стратегиялық әріптесі ретінде бой көрсетуде. «2018 жылы Қазгеология 11 компания үшін геологиялық барлау нарығына жол ашты.
Юниорлардың геологиялық барлау жұмыстарына салынатын инвестициялардың жалпы көлемі 2025 жылға дейін 10,5 млрд. теңгеге жетеді, қамтылатын алаң – 2 мың ш.км», - деді ИИДМ.

adimage