2018 жылы ЕАЭО елдеріндегі ЖІӨ 2,5% өсті

Күні: 18:01, 30-04-2019.

Астана. 30 сәуір. ҚазТАГ – 2018 жылы Еуразиялық экономикалық одақ елдеріндегі ЖІӨ 2,5% өсті, деп хабарлады Қазақстан премьер-министрінің баспасөз қызметінен.
«Одақ елдерінің ЖІӨ өсімі 2,5%, өнеркәсіптік өндіріс өсімі 3,1% құрады. ЕАЭО-да өткен жылы өзара сауда көлемі 9,2% өсті», - деп мәлімдеді сейсенбіде Қазақстан Премьер-Министрі Асқар Мамин Ереванда Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысында.
Хабарда атап өтілгендей, сыртқы саудада да осындай үрдіс байқалады, онда жыл қорытындысы бойынша өсім 18,8% құрады.


Жаңалықтармен бөлісу: