2018 жылы ЕДБ 69,8 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салды – Қазақстан Ұлттық банкі

Күні: 18:03, 21-01-2019.

Алматы. 21 қаңтар. ҚазТАГ – Әкімшілік жауапкершілік көзделген бұзушылықтар үшін банктерге салынған әкімшілік айыппұлдардың жалпы сомасы 2018 жылы 69 млн. 836 мың теңгені құрады, деп хабарлады Қазақстан Ұлттық банкінің баспасөз қызметінен.
«Әкімшілік жауапкершілік көзделген бұзушылықтар үшін банктерге салынған әкімшілік айыппұлдардың жалпы сомасы 2018 жылы 69 млн. 836 мың теңгені құрады», - делінген хабарда
Ұлттық банк ақпарынша, 2018 жылы келесі банктерге әкімшілік айыппұл салынды: "Астана Банкі" АҚ, "Qazaq Banki" АҚ, «Эксимбанк Қазақстан» АҚ, "ForteBank" АҚ, «АТФ Банк» АҚ, "Еуразиялық банк" АҚ, "Банк ЦентрКредит" АҚ, "Сбербанк России" АҚ ЕБ, "Нұрбанк" АҚ, "Қазақстанның халық жинақ банкі" АҚ, «Банк Kassa Nova» АҚ, «Цеснабанк» АҚ, "Bank RBK" Банкі" АҚ, "Қазпошта" АҚ, «ВТБ Банк» АҚ, "Казкоммерцбанк" АҚ, «Kaspi Bank» АҚ.
«2018 жылы қаржылық қызметтерді тұтынушылардың өтініштерін қарау қорытындысы бойынша банктерге қатысты 275 шектеулі ықпал ету шарасы, оның ішінде: 167 шектеулі ықпал ету шарасы (жазбаша ұйғарымдар - 158, жазбаша ескертулер – 9); 108 әкімшілік айыппұлдар қолданылды», - делінген хабарда.
Жүргізілген талдау нәтижелері банктердің көптеген жағдайда Қазақстан Республикасының банктік заңнамасында, сондай-ақ Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген: банктік қарыздарға қызмет көрсетуді; төлемдер мен ақша аударымдарын; банктік шоттарға қызмет көрсетуді жүзеге асыруға байланысты талаптарды сақтамайтынын көрсетті.


Жаңалықтармен бөлісу: