2018 жылы халықаралық ақша аудару жүйесі арқылы аударылған ақша көлемі 28% өсті

Күні: 18:56, 25-01-2019.

Алматы. 25 қаңтар. ҚазТАГ – 2018 жылы халықаралық ақша аударымы жүйелері арқылы жіберілген ақша аударымдарының жалпы көлемі 674,9 млрд теңге сомаға 3,0 млн аударымды құрады, деп хабарлады Қазақстан Ұлттық банкінің баспасөз қызметінен.
«2017 жылмен салыстырғанда ақша аударымдары көлемінің өсуі 27,9%-ды құрады. Жөнелтілген аударымдардың жалпы көлемінен Қазақстаннан тыс жерлерге транзакциялардың жалпы санының 90,1%-ы (2,7 млн транзакция) және жалпы сомасының 89,2%-ы (601,8 млрд теңге) жіберілді. Қазақстан бойынша ақша аударымы жүйелері 7 арқылы ақша аударымдарының жалпы санынан 9,9% (0,3 млн транзакция) және жалпы сомасынан 10,8% (73,0 млрд теңге) жүргізілді. Шетелден халықаралық ақша аударымдары жүйелері арқылы 362,0 млрд теңге сомаға 1,5 млн транзакция алынды», - делінген Ұлттық банк хабарында.
Орташа алғанда, бір күн ішінде аталған төлем жүйелері арқылы 3,4 трлн теңге сомаға 174,6 мың транзакция жүргізілді.
«2018 жылы Ұлттық Банктің төлем жүйелері (Банкаралық ақша аудару жүйесі мен Банкаралық клиринг жүйесі) арқылы 834,6 трлн теңге сомаға 42,9 млн транзакция жүргізілді (2017 жылмен салыстырғанда төлемдердің саны 17,5%-ға ұлғайды, төлемдер сомасы 1,9%-ға азайды)», - делінген хабарда.
2018 жылы Қазақстан эмитенттерінің төлем карточкаларын пайдалана отырып жүргізілген операцияларының көлемі 20,0 трлн теңге сомаға 810,2 млн транзакцияны құрады (2017 жылмен салыстырғанда транзакциялардың саны 73,3%-ға ұлғайды, сомасы 44,9%-ға өсті).
«Қазақстан эмитенттерінің төлем карточкаларын пайдалана отырып жүргізілген операцияларының жалпы құрылымында қолма-қол ақшасыз жасалған төлемдер санының үлесі 64,7%-ға дейін (2017 жылы 49,6%) өсті, қолма-қол ақшасыз жасалған төлемдер көлемінің үлесі 32,0%-ға (22,1%) дейін ұлғайды», - делінген хабарда.
2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасында төлем карточкаларының шығарылымын 22 банк пен «Қазпочта» АҚ жүзеге асырды, эмиссияланған және таратылған төлем карточкаларының жалпы саны 23,4 млн. болды.
«2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша төлем карточкаларына қызмет көрсету желісі мынадай болды: 11,0 мың банкомат, 135,8 мың POS-терминал. 2019 жылғы 1 қаңтарда Қазақстанда төлем жасау үшін төлем карточкаларын қабылдайтын 82,5 мың сауда кәсіпорны жұмыс істеді, бұл олардың 2018 жылғы 1 қаңтардағы санынан 4,9%-ға асты», - делінген хабарда
2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының аумағында 20 төлем жүйесі, оның ішінде Ұлттық Банктің төлем жүйелері, ақша аудару жүйелері, төлем карточкаларының жүйелері мен өзге де төлем жүйелері жұмыс істейді.


Жаңалықтармен бөлісу: