2018 жылы сақтандыру ұйымдарынан жалпы сомасы 2 млн айыппұл өндіріп алынды

Күні: 17:02, 21-01-2019.

Алматы. 21 қаңтар. ҚазТАГ – 2018 жылы әкімшілік өндіріс шеңберінде сақтандыру ұйымдарынан жалпы сомасы 1 млн 997 мың теңгеге айыппұл өндіріп алынды, деп хабарлады Қазақстан Ұлттық банкі.
«2018 жылы сақтандыру ұйымдарына қатысты 24 санкциялар мен шектеулі ықпал ету шаралары қолданылды, оның ішінде: әкімшілік айыппұлдар салу және өндіріп алу түрінде 9 санкция; 14 жазбаша ұйғарым түрінде 15 шектеулі ықпал ету шарасы және 1 жазбаша ескерту қолданылды», - делінген хабарда.
Ұлттық банк ақпарынша, 2018 жылы келесі компаниялардан айыппұлдар өндірілген: «Цесна Гарант» СК» АҚ, «Еуразия» сақтандыру компаниясы» АҚ, «Kompetenz» СК» АҚ, «Amanat» СК» АҚ , «Лондон-Алматы» сақтандыру компаниясы» АҚ, «Казкоммерц-Life» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ, «ТрансОйл» СК» АҚ.
«Жүргізілген талдаудың нәтижелері сақтандыру ұйымдары мынадай құқықбұзушылықтарға жол бергенін көрсетіп отыр: жетіспейтін құжаттар туралы уақтылы хабарламауына және сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қабылданған құжаттардың толық тізбесін көрсете отырып, анықтаманың данасын уақтылы бермеуіне; жол-көлік оқиғасы салдарынан көлік құралына келтірілген зиян мөлшерін айқындау тәртібін, атап айтқанда көлік құралын қарау мерзімін, сақтанушының мүлікке келтірілген зиян мөлшері туралы есептің қорытындысымен танысуының тәртібін сақтамауына, сондай-ақ сақтанушыға сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін жетіспейтін қажетті құжаттарды ұсыну туралы хабарламауына; көлік құралын қарау актісінде жасалған күні, көлік құралын тексерген және тексеру кезінде қатысқан тұлғалардың аты-жөні мен қолдары болмауына; сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін құжаттарды тіркеу тәртібін реттейтін ішкі рәсімдерді сақтамауына; көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша және автомобиль көлігін ерікті сақтандыру бойынша сақтандыру төлемін жүзеге асырудан заңсыз бас тартуына; сақтандыру шарттарын жасасу тәртібін реттейтін ішкі рәсімдерді сақтамауына; сақтандыру төлемін уақтылы жүзеге асырмауына, оны мүлдем жүзеге асырмауына байланысты бұзушылықтарға жол берген», - делінген хабарда


Жаңалықтармен бөлісу: