2018 жылы Шымкент тұтынушылары монополистерге 386 млн. теңгеден астам сома артық төлеген

Астана. 9 тамыз. ҚазТАГ – 2018 жылы тұтынушылар монополистерге 386 млн. теңгеден астам сома артық төлеген, деп хабарлады Қазақстан ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің баспасөз қызметінен.
«Жаңадан құрылғандарды қоспағанда, 48 табиғи монополия субъектісіне 2018 жылға арналған тарифтік сметаның орындалуына талдау жүргізілді, оның ішінде 8 табиғи монополия субъектісі есепті уақытында тапсырмаған. Заңнамалық талаптардың есептілік мерзімдері бұзылғаны үшін аталған табиғи монополия субъектілері жалпы сомасы 3 030 мың теңгеге әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті 2018 жылға арналған тарифтік сметалардың орындалуына жасалған талдау нәтижелері бойынша тарифтік сметаның орындадуында заңда рұқсат етілген деңгейден асатын қаражатты мақсатсыз пайдаланғаны үшін, сондай-ақ инвестициялық бағдарламаның шараларын орындамағаны үшін, 30 табиғи монополия субъектілеріне көрсетілетін қызметтің 32 түрі бойынша жалпы сомасы 386,014 млн. теңге көлемінде уақытша өтемдік тарифтер енгізілді», - делінген жұмада таратылған хабарда.
Сонымен қатар, Шымкент қаласының Көлік прокуратурасының ұсынымын қарау нәтижелері бойынша, 2017 жылға кірме жолдар қызметін көрсететін субъектілер тарапынан болған бұзушылықтар қатары анықталған бөлігінде Шымкент қаласының монополияға қарсы органы салған айыппұлдардың жалпы сомасы 6 795 ,5 мың теңге құраған 11 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалғанын, сонымен бірге 7 құқық бұзушылықты жою туралы қаулы шыққан.
«Осылайша, тұтынушыларға қайтарылатын сома 386 млн. теңгеден астам қаржыны құраған», - деді комитеттен.

adimage