2018 жылы сыбайлас жемқорлық ісі бойынша қамауға алынған Қазақстанның экс-дипломаттары бостандықта қалды

Астана. 21 қыркүйек. ҚазТАГ – 2018 жылы сыбайлас жемқорлық ісі бойынша қамауға алынған сыртқы істер министрлігінің бұрынғы жауапты хатшысы
Анарбек Қарашев пен Қазақстанның Өзбекстандағы бұрынғы елшісі Ерік Өтембаев бостандықта қалды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Қарашев және Өтембаевқа 2 жыл бас бостандығын шектеу жазасы (бап санкциясы 7 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыруды қарастырады) тағайындалды.
Нурекеновке - 5 жыл, Сакенова, Джумасановаға 2 жыл бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Кутдусовқа айыппұл түріндегі жаза тағайындалды», - деп хабарлады дүйсенбіде Нұр-Сұлтан сотының баспасөз қызметінен.
Іс елорданың №2 Байқоныр аудынының сотында қаралды.
«Қарашев (Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы ретінде бұрын қызмет атқарған) елшілік ғимаратының құрылысы үшін және қосылған құн салығына бөлінген ақшалай қаражаттарды жымқырғаны үшін айыпталды. Сондай-ақ, ол кәсіпкерлерден пара алғандығы, ақшалай қаражатты заңдастырғаны үшін айыпталды. Прокурор сот талқылауы барысында Қарашевтің пара алу мен қаражатты заңдастырудағы айыптан бас тартып, айыптың жаңа тұжырымдамасын ұсынды. Прокурордың мұндай шешімі сот үшін міндетті болып табылады. Сот Қарашевтің іс-әрекетін лауазымдық өкілеттілікті теріс пайдалану деп саралады. Утембаев (Өзбекстандағы бұрынғы елші) Қарашевқа қылмыстық құқық бұзушылыққа көмектескені үшін айыпталды. Сакенова (СІМ Басқармасы шаруашылығының бұрынғы директоры) кәсіпкерлерден пара алғандығы үшін айыпталды. Нурекенов, Джумасановаға (Басқарманың бұрынғы қызметкерлері) келесідей айып тағылды: біріншісі - өкілеттілікті теріс пайдалануға және және пара алуға көмектескен, екіншісі – пара алуға көмектескен. ЖШС-нің басшысы Кутдусов пара бергендігі үшін айыпталды», - делінген хабарда.
Баспасөз қызметінде мәлімдегендей, от Қарашев, Утембаев және Нурекеновтің алғашқы рет жауаптылыққа тартылып отырғандығын, кәмелетке толмаған балаларының бар болуы есепке алды. Сакенова, Джумасанова және Кутдусов жасаған іс-әрекеттеріне өкінді, айыбын мойындап келген, жан-жақты мойындау түсініктерін берген, Сакенованың баласы бар. Қарашев – 55 жаста, Утембаев – 54 жаста.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Еске салсақ, 2018 жылдың 7 маусымында ҚазТАГ ХАА Нұр-Сұлтандағы хабардар дерек көзіне сілтеме жасай отырып, елордадағы СІМ бірқатар жоғары лауазымды шенеуніктерінің ұсталғаны туралы хабарлаған еді. 13 маусымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствода ҚазТАГ ХАА ақпаратын ресми түрде растады. 24 тамызда сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство тінту барысында Қарашевтен $1,5 млн. табылғанын мәлімдеді.

adimage