2018 жылы төлем балансының ағымдағы шоты ІЖӨ-нің 1,2% дейін төмендеді – Ұлттық банк

Күні: 18:54, 07-12-2018.

Алматы. 7 желтоқсан. ҚазТАГ – Қазақстан Ұлттық банкі 2018 жылдың қорытындысы бойынша төлем балансының ағымдағы шотын ІЖӨ-нің 1,2% дейін жақсартты.
«2018 жылдың қорытындысы бойынша ағымдағы шоттың жай-күйінің ІЖӨ-нің (-)1,2%-і деңгейіне (алдыңғы болжам – ІЖӨ-нің (-)2,3%-ы) дейін жақсаруы күтіледі. 2019 жылы дефицит мұнайдың орташа жылдық бағасының төмен болуы және өткен болжамдық раундпен салыстырғанда өндірудің барынша төмен көлемі есебінен ІЖӨ-нің (-)3,9%-на (алдыңғы болжам – ІЖӨ-нің (-)3,8%) дейін ұлғаяды», - делінген жұмада таратылған реттеушінің хабарында.
Бұл ретте, мұнай-газ секторында инвестициялық жобаларды іске асыру үшін қажетті тауарлар импортының өсуі, сол сияқты шетелдік тікелей инвесторларға табыс төлеудің өсуі ағымдағы шотты жақсартудың тежеуші факторы болып қалады.
«Тауарлар импорты 2018 жылы $34,4 млрд. дейін 7,8% -ға (алдыңғы болжам – 8%) және 2019 жылы $36 млрд. дейін 3,3%-ға (алдыңғы болжам – 10%) өседі. Импорттың өсу қарқынының алдыңғы болжамдармен салыстырғанда неғұрлым төмен болуы болжамның бастапқы жорамалдарының өзгеруімен байланысты болды: жаңа тұтынушылық кредиттерді берудің өсу қарқынының біраз баяулауы болжанады. Дегенмен де, тұтыну импортының жоғары деңгейі халықтың нақты кірістерінің ұлғаюы есебінен сақталатын болады. Бұл ретте, аралық және инвестициялық импорт бизнестің кірістерін қалыпқа келтіру, мемлекеттік бағдарламаларды1 , сондай-ақ басым жағдайда мұнай газ секторындағы инвестициялық жобаларды2 іске асыру есебінен өсуін жалғастырады», - делінген хабарда.


Жаңалықтармен бөлісу: