2018 жылы теміржол көлігі тасымалдаушыларына 52,6 млн. теңге айыппұл салынды

Күні: 17:55, 11-09-2018.

Астана. 11 қыркүйек. ҚазТАГ – 2018 жылы теміржол көлігі тасымалдаушыларына 52,6 млн. теңге айыппұл салынды, деп хабарлады ҚР ИДМ баспасөз қызметінен.
«ҚР ИДМ Көлік комитетінде 2018 жылдың өткен мерзімі бойынша жолаушылар пойыздарының Ұлттық стандартты және субсидиялау келісім-шарттарын ұстану тексерістерінің нәтижелерін қорытындылады.  Компанияларға төленген субсидияларды қайтару бойынша 52,6 млн теңгеден астам сомаға санкция салынды», - делінген сейсенбіде таратылған хабарда.  
Комитет барлығы 8 тасымалдаушының 101 құрамын тексерді. Маршрутты дамыту шарттарын орындамау, ауа баптау жүйесі мен басқа да жабдықтардың ақаулары, вагондардағы санитарлық жағдайдың төмендігі, төсек жабдықтарының кір болуы сияқты жиі кездесетін кемшіліктер анықталған
Барлық тасымалдаушыларға анықталған ескертулерді жою жөнінде нұсқау берілді.


Жаңалықтармен бөлісу: