Астана. 27 мамыр. ҚазТАГ – 2018 жылы Теңіз кен орнындағы «Теңізшевройл» ЖШС мұнай өндірісі жылдық жоспардан 824 мың тоннаға асып орындалды, делінген «ҚазМұнайГаз» (ҚМГ) ҰК» АҚ жылдық есебінде.
«2018 жылы ТШО мұнай өндірісі жылдық жоспардан 824 мың тоннаға асып, 28 622 мың тоннаны құрады. 2018 жылы өндірілген мұнай көлемі 2017 жылмен салыстырғанда 75 мың тоннаға (немесе 0,26%-ке) сәл төмендеді. Бұған 2018 жылдың 1-ші тамызынан 9-ші қыркүйегіне дейін КТЛ зауытының ірі күрделі жөндеу жұмыстарының тым ұзаққа созылуы себеп болды», - делінген құжатта.
Газ өндірісі жылдық жоспардан 1 037 млн м³-ге асып, 15 625 млн м³-ді құрады.
«2018 жылы газ өндірісі 2017 жылмен салыстырған мұнай өндіру көлемінің төмен болуына байланысты 235 млн м³-ге (немесе 1,5%-ке) азайды», - деді ҚМГ.
Қазақстан Республикасы мен «Шеврон» компаниясы арасындағы «Теңізшевройл» ЖШС жобасы бойынша келісімшартқа 1993 жылғы 2 сәуірде қол қойылды. Көмірсутектерді барлау мен өндіру лицензиясы ТШО-ға 1993 жылы 40 жыл мерзімге берілген. ТШО-ның негізгі қызметі – Атырау облысындағы Теңіз және Королевское кен орындарында көмірсутек шикізатын барлау, өндіру және сату. Қазіргі таңда «Шеврон» (50%), «ЭксонМобил» (25%), «ҚМГ» (20%) және «ЛукАрко» (5%) ТШО серіктестері болып табылады.
2018 жылы ТШО операторы мұнай өндірісін жылдық жоспардан 824 мың тонн. артық орындады
