2019-2020 жылдары Қазақстан ІЖӨ нақты өсімі 4%-дан төмен нәтижеге дейін баяулайтын болады

Күні: 19:14, 13-03-2019.

Алматы. 13 наурыз. ҚазТАГ – 2019-2020 жылдары Қазақстан ІЖӨ нақты өсімі 4%-дан төмен нәтижеге дейін баяулайтын болады, деп хабарлады Ұлттық банк баспасөз қызметінен.
«2019-2020 жылдары Қазақстанның нақты ІЖӨ өсуі әлеуетті деңгейге жақын деңгейге дейін баяулайды. ІЖӨ-нің өсуі жөніндегі болжамдар өткен болжамдық раундпен салыстырғанда айтарлықтай өзгерген жоқ. Экономикалық белсенділіктің қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдердегі серпінін айқындайтын факторлардың айтарлықтай айырмашылығы болмайды. 2019-2020 жылдары ІЖӨ-нің нақты өсуі баяулап 4%-дан төмен нәтижені құрайды», - делінген хабарда
Хабарда атап өтілгендей, тұтынушылық және инвестициялық сұраныстың ұлғаюы аясында ішкі сұраныс ІЖӨ-нің өсуінің негізгі күші болады.
«Экономика бюджеттің жалақыны, зейнетақыны, жәрдемақыларды арттыруға және өзге де әлеуметтік шараларға шығыстарының өсуімен байланысты 2019-2020 жылдарда фискалдық серпіннің аздап өсуімен ынталандырылады. Экспорттың баяу өсуінен таза экспорт экономиканың болжамдық кезеңде өсуін шектейді», - делінген хабарда.
Бұған дейін премьер-министр Асқар Мамин хабарлағандай, Қазақстан ІЖӨ өсімі 2019 жылдың қаңтар-ақпанында 3,5% құрады.


Жаңалықтармен бөлісу: