2019-2023 жылдарға Нұр-Сұлтан көліктік инфрақұрылымын дамытуға Т110,4 млрд сұрауда

Астана. 15 қараша. ҚазТАГ – 2019-2023 жылдарға Нұр-Сұлтан көліктік инфрақұрылымын дамытуға Т110,4 млрд сұрауда, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Көліктік инфрақұрылымды дамыту» бюджеттік бағдарламасы бойынша Т110 426 961 300 бөлу келесідей көлемде қаржыландыруды көздейді: 2019 жылы Т42 012 052,3 мың, 2020 жылы Т32 191 425 мың, 2021 жылы Т28 518 984 мың, 2022 жылы Т3 314 300 мың және 2023 жылы Т4 390 200 мың.
Елордалық билік жергілікті бюджеттен Т22 792 822 600 жұмсауды, ал Т87 634 138 700 соманы 2019-2021 жылдары республикалық бюджеттен трансферт түрінде алуды жоспарлауда.
Нұр-Сұлтан әкімдігінде мәлімдегендей, көрсетілген қаржыны бөлу есебінен жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңыздағы көлік жолдарының үлесін 2019 жылы 76,5%, 2020 жылы 77%, 2021 жылы 77,5%, 2022 жылы 80% арттыруға қол жеткізіледі.

adimage