2019 ж. қаңтарында өтетін ҰБТ-ға қатысу талаптары белгілі болды

Күні: 16:32, 24-10-2018.

Астана. 24 қазан. ҚазТАГ – 2019 жылдың қаңтарында ЖОО түсуге үміткерлердің бір бөлігі ұлттық бірыңғай тестілеуге қатыса алады, деп хабарлады Қазақстанның білім және ғылым минисрлігінен.  
«Талапкерлер үшін Ұлттық Бірыңғай тестілеуді қаңтар айында тапсыру мүмкіндігі туып отыр. Алайда, қаңтар айында өтетін тестілеуден кейін талапкер ЖОО-да тек ақылы негізде оқи алады. Ұлттық бірыңғай тестілеуге өтініштер 1-15 желтоқсан аралығында қабылданады. Мемлекеттік білім беру гранттары негізгі ҰБТ тапсырылғаннан кейін үлестірілетін болады», - деп хабарлады сәрсенбіде  БҒМ-нан.  
Ведомствода нақтыланғандай, Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) орта мектептердің 11-12 сынып оқушылары (2019-2020 оқу жылында ЖОО-да ақылы негізде оқу үшін), ЖОО-ға уақытша тіркелген және бірінші семестрді аяқтап жатқан студенттер қатыса алады.
«Қаңтар айында өтетін бұл тестілеу түлектерге негізгі тестілеудің алдында өз білімдерін тексеру үшін таптырмас мүмкіндік. Мемлекеттік білім беру грантына үміттенген талапкер 2019 жылғы жазда өтетін ҰБТ-ны міндетті түрде тапсыруы қажет. Өйткені, қаңтар айындағы тестілеуде шекті балл жинаған тестіленуші бұл сертификатымен ЖОО-да тек ақылы негізде оқи алады», - деп түсіндірді білім және ғылым министрлігінен.
Бұл тестілеуден студент білім алып жүрген оқу орнына ресми тіркелу үшін және ЖОО-дағы оқуын жалғастыру үшін өтеді.  
«Егер студент шекті балл (50 балл) жинай алмаса, оқудан шығарылатын болады», - добавили в МОН.
Хабарда айтылғандай, тестіленушілер қаңтар айында өтетін ҰБТ-ға қатысқаннан кейін маусым айында өтетін ҰБТ-ға қатысу және мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау бойынша өтетін байқауға қатысу мүмкіндігінен айырылмайды.
Тестілеуге қатысу үшін өтініштер ұлттық тестілеу орталығының ҰБТ тапсыру пунктерінде қабылданады. Қаңтар айындағы тестілеу ақылы, құны – 2242 теңге.


Жаңалықтармен бөлісу: