Алматы. 7 желтосқан. ҚазТАГ – 2019 жылға арналған Қазақстан экономикалық өсімінің қарқыны бойынша болжам өсті, деп хабарлады Ұлттық банктің (ҚР ҰБ) баспасөз қызметінен.
«Экономикалық өсу қарқыны, бағалауға сәйкес, 2019 жылы 2,7% (өткен болжамдық раундта 2,6%), 2020 жылғы бірінші жартыжылдықта – 2,7% болады», - делінген жұмада таратылған хабарда.
Қаржылық реттеуші атап өткендей, экономикалық өсу бойынша алғышарттар өзгерген жоқ.
«Экономиканың негізгі өсу драйвері ішкі тұтынушылық сұраныстың өсуін білдіреді. Инвестициялық белсенділіктің оң серпіні, бірінші кезекте, тау-кен өндіру саласында және тұрғын үй құрылысында сақталады. Тауарлар және қызмет көрсету экспортының ұлғаюы Қашаған кен орнындағы мұнай және газ конденсатын өндірудің одан әрі өсуіне байланысты болады», - деді Ұлттық банктен
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жаңартылған бағалаулары бойынша Қазақстандағы шығарылымның қысқа мерзімді және орта мерзімді перспективада үзілуі проинфляциялық тұрғыдан әсер ете отырып, оң болады.
«Болжамдық кезеңнің соңында (2018 жылдың IV тоқсанынан бастап 2020 жылдың ІІ тоқсаны аралығында - ҚазТАГ) оң үзіліс әлсіз оң аймақта қала отырып, біртіндеп қысқара бастайды», - деді қаржылай реттеуші.
2019 жылға арналған Қазақстан экономикалық өсімінің қарқыны бойынша болжам өсті
