Астана. 6 қыркүйек. ҚазТАГ - 2019 жылға арналған Қазақстан мен Қытай арасындағы жүктерді теміржолмен тасымалдау жоспары 1 миллион тоннаға ұлғайтылды, деп хабарлайды «Қазақстан темір жолы» АҚ (ҚТЖ) баспасөз қызметі.
Алашанькоу (Алашаңқай – ҚазТАГ) станциясында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен Қытай темір жолдары корпорациясы өкілдерінің екікүндік жұмыс кездесуінің қорытындысы шығарылды.
Бұл ретте қазақстандық делегацияны «Қазақстан темір жолдары» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының Бірінші орынбасары Қанат Әлмағамбетов, ал қытайлық делегацияны – «Қытай темір жолдары» корпорациясы бас директорының орынбасары Ли Вэньсин бастап барғанын қаперге сала кетейік», - делінген жұмада таратылған хабарда.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар шекаралық станцияларда контейнерлік пойыздардың тоқтап тұру уақытын қысқарту жөніндегі жұмыстарды күшйтуге уағдаласты. Сондай-ақ кедендік органдармен өзараықпалдасудағы теънологиялық сызбаны жетілдіру және шекара арқылы жүктерді тасымалдау процесін оңтайландыруға бағытталған, кедендік рәсімдеу тетіктерін жетілдіру жолдары қаралды.
Кездесу барысында тараптар жүктерді тасымалдау көлемі өсімінің оң қарқының бағалады және келісілген бір миллион тонналық тасымал жоспарын асыра орындау бойынша шараларды бекітті – 16 млн. тонна жүк тасымалданады. Бұл ретте, Қазақстаннан Қытайға – 10 млн. тонна, Қытайдан Қазақстанға – 6 млн. тонна. Келісілген тасымал жоспары 2019 жылы 15 млн. тоннаны құрады.
Елдер делегациясы сонымен қатар, жайлы ауа райы жағдайында Алашанькоу станциясы кең жолақ бойынша 14 астам пойызды қабылдайтындығы, ал Достық станциясы тар жолақпен – тәулігіне 12 пойыз қабылдауға келісті. Ағымдағы жылдың 8 айында сәйкесінше алмасым 12 және 8 пойызды құрады.
Кездесу барысында Қазақстан аумағы арқылы транзитпен Қытай-Еуропа-Қытай қатынасында 2013 контейнерлік пойызы ұйымдастырылды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 25% артық.
Соның ішінде Қазақстаннан Еуропаға – 1147 пойыз жөнелтсе, бұл өткен жылдың сол кезеңімен салыстырғанда 14% асқан. Кері бағытта – 866 пойыз, 43% арту бар.
Бұдан басқа, ҚР мен ҚХР, сондай-ақ ҚХР мен Азия елдері арасында ағымдағы жылдың қаңтар-шілдесінде Қазақстан арқылы 2200 контейнерлік пойыз ұйымдастырылса, бұл өткен жылғыдан 36% көп.
«Аталған кездесу өткізу пунктерінен пойыздар өткен кезде, соның ішінде Орталық Азия мен Еуропаға Азия елдерінен ҚР аумағы арқылы транзитпен өтетін барлық кедергілерді алып тастауға бағытталған», - деп атап көрсетті Қанат Әлмағамбетов.
Қатысты сілтемелер
-
Биыл жазда Алматыда екі саябақ пен жағалау аймағының құрылысын аяқтау жоспарланып отыр28 Наурыз 2024, 11:26
-
Тоқаев Боао Азия форумының пленарлық сессиясында сөз сөйледі28 Наурыз 2024, 10:17