2019 жылға арналған «Болашақ» бағдарламасы бойынша басым мамандықтар тізімі бекітілді

Күні: 18:59, 29-11-2018.

Астана. 29 қараша. ҚазТАГ – 2019 жылға арналған «Болашақ» бағдарламасы бойынша басым мамандықтар тізімі бекітілді, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.
«Басым мамандықтардың 2019 жылғы тізбесі бекітілді. Ол 155 мамандықтан тұрады. «Болашақ» халықаралық стипендиясы аясында тағлымдамадан өту үшін белгіленген санаттар анықталды. 2019 жылға 555 стипендия бекітілді», - деп хабарлады Ақордадан ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен өткен Шетелде кадрларды дайындау жөніндегі республикалық комиссияның отырысынан.
Хабарда атап өтілгендей, стипендия магистратура мен докторантурада оқуға, әлемнің жетекші ғылыми және өндірістік орталықтарында тағлымдамадан өтуге жіберілетін 71 үміткерге тағайындалды.


Жаңалықтармен бөлісу: