Астана. 29 сәуір. ҚазТАГ – 2019 жылға Қазақстанда жоспарланған жұмыртқа өндірісінің көлемі белгілі болды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«2018 жылы жұмыртқа өндірісі 5,6 млрд дана жұмыртқаны құрады. Біз елімізді 100% қамтамасыз етіп отырмыз, сондай-ақ Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей, Ауғанстан және басқа елдерге экспорттаймыз. 2019 жылы кәсіпорын 6 млрд данадан астам жұмыртқа шығаруды жоспарлап отыр», - деп хабарлады Қазақстан құс өсірушілер одағының президенті Руслан Шәріпов.
Ол атап өткендей, пасха күні қарсаңында Қазақстан кәсіпорындары сауда желілерін қамту үшін әдеттегі жүктемеден артық жұмыс жасайды.
«Бірақ бұл ретте ағымдағы жылы жұмыртқа бағасының өскені байқалмайды, әдетте мерекелер кезінде оның бағасының көтерілуі дәстүрлі құбылыс болып табылады. Әдетте Пасха алдында жұмыртқа бағасы өседі. Өсім тұрақты сақталып қалмайды, ол тек маусымдық құбылыс. Мерекеден кейін бағалар түседі. Бірақ биыл бағаның өсуі байқалмай отыр», - деді Шәріпов.
Еске салсақ, православтық христиандар Пасханы 28 сәуірде атап өткен.
2019 жылға Қазақстанда жоспарланған жұмыртқа өндірісінің көлемі белгілі болды
