2019 жыл Қазақстанда ресми түрде жастар жылы деп жарияланды

Күні: 18:57, 14-11-2018.

Астана. 14 қараша. ҚазТАГ – 2019 жыл Қазақстанда ресми түрде жастар жылы деп жарияланды, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.  
«Жастарды кешенді қолдау мақсатында қаулы етемін: 1. 2019 жыл Жастар жылы деп жариялансын. 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Жастар жылын өткізу бойынша қажетті шаралар қабылдасын. 3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін», - делінген сәрсенбіде Ақорда сайтындағы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығында.  
Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


Жаңалықтармен бөлісу: