2019 жылғы 1-тоқсанда ЕДБ салынған әкімшілік айыппұлдың жалпы сомасы 4 млн 500 мың теңгеден астам болған

Күні: 15:19, 25-04-2019.

Алматы. 25 сәуір. ҚазТАГ – 2019 жылдың бірінші тоқсанында банктерге қатысты 59 санкция мен ықпал ету шаралары қолданылған, деп хабарлады Ұлттық банктің баспасөз қызметінен.
«2019 жылғы бірінші тоқсанда банктерге қатысты 59 ықпал ету шаралары қолданылды, оның ішінде: 9 әкімшілік айыппұл; 50 қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шаралары», - делінген хабарда.
Хабарда көрсетілгендей, жүргізілген талдау нәтижелері банктер көп жағдайда Қазақстан Республикасының банк заңнамасында, сондай-ақ Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген мынадай тәртіптерді сақтамайтынын көрсетті: банктік қарыздарға қызмет көрсету; төлемдер және ақша аударымдары; банкоматтарға қызмет көрсету.
«2019 жылғы 1-тоқсанда әкімшілік жауапкершілік көзделген бұзушылықтар үшін банктерге ұсынылған әкімшілік айыппұлдардың жалпы сомасы 4 млн 500 мың теңгеден астам болды», - делінген хабарда.


Жаңалықтармен бөлісу: