2019 жылғы қаңтар-ақпанда Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 7,5% өсті

Күні: 18:44, 15-04-2019.

Алматы. 15 сәуір. ҚазТАГ – 2018 жылғы қаңтар-ақпанда Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 7,5% өсті, деп хабарлады ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетінің баспасөз қызметінен.
«2019 жылғы қаңтар-ақпанда сыртқы сауда айналымы 14,3 млрд. АҚШ долларын құрап, 2018 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 7,5% артты, оның ішінде экспорт – 9,9 млрд. АҚШ долларын (11,1% көп), импорт – 4,4 млрд. АҚШ долларын құрады (0,3% көп)», - делінген хабарда.
ЕАЭО елдерімен жасалған экспорт 2019 жылы 850,3 млрд АҚШ долларын құрады немесе 2018 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 5,8% көп, импорт – 1947 млрд АҚШ долларын (өсім 3,4%) құрады.


Жаңалықтармен бөлісу: