Алматы. 19 шілде. ҚазТАГ – 2019 жылғы екінші тоқсанда банктерге қатысты 81 ықпал ету шаралары қолданылды, деп хабарлады Ұлттық банк баспасөз қызметінен.
«2019 жылғы екінші тоқсанда банктерге қатысты 81 ықпал ету шаралары қолданылды, оның ішінде: - 4 075 878 теңге сомасына 13 әкімшілік айыппұл; - 68 қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шаралары», - делінген жұмада таратылған хабарда.
Жүргізілген талдау нәтижелері банктер көп жағдайда Қазақстан Республикасының банк заңнамасында, сондай-ақ Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген: банктік қарыздарға қызмет көрсету; төлемдер және ақша аударымдары; банкоматтарға және банк шоттарына қызмет көрсетулерді жүзеге асыруға байланысты тәртіптерді сақтамайтынын көрсетті.
2019 жылғы екінші тоқсанда банктерге қатысты 80 астам ықпал ету шаралары қолданылды
