2019 жылғы І тоқсанда Қазақстанда орташа айлық атаулы жалақы 168 489 теңгені құрады

Күні: 16:52, 02-05-2019.

Алматы. 2 мамыр. ҚазТАГ – 2019 жылғы І тоқсанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 168 489 теңгені құрады,делінген ҚР Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетінің хабарында.
Статаақпарға сәйкес, салалық құрылымда ең үлкен атаулы жалақы кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда – 401,1 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 2,4 есеге асты), қаржы және сақтандыру қызметінде - 323,0 мың теңге (1,9 есеге асты), кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте – 296,3 мың теңге (1,8 есеге асты), ақпарат және байланыс саласында – 253,0 мың теңге (1,5 есеге асты), көлік және қоймалау саласында – 218,2 мың теңге (1,3 есеге асты) белгіленді. Ең төменгі атаулы жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығының қызметкерлерінде белгіленді – 93,2 мың теңге, бұл республика бойынша орта көрсеткіштен 44,7% %-ға төмен.
Өңірлік бөліністе ең жоғарғы жалақы Атырау облысында белгіленді – 322,7 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен шамамен 1,9 есеге асады. Түркістан облысында мұның шамасы 109,0 мың теңгені құрады, бұл ел бойынша орташа деңгейден 35,3%-ға төмен.


Жаңалықтармен бөлісу: